10.06.2023 | 13:25

Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті. Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде.

Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.

Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес