09.08.2024 | 18:22

ГЕОРГИЙ БОРОДА-ДУДОЧКИН ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДАҒЫ ЖАРЫСЫН АЯҚТАДЫ

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Георгий Борода-Дудочкин А тобының жартылай финалында сынға түсіп, 1452 ұпай жинады. Өкінішке қарай, қазақстандық топта үздік 9 атлеттің қатарына кіре алмай, жиналға шыққан жоқ. Георгий үшін ойындар осымен аяқталды.

Ұлттық құрама спортшысы конкурда 300 ұпай жинап, 5-орыннан көрінді. Сондай-ақ бүгін семсерлесуден бонус-ранудта сынға түсіп, бұл спорттағы жалпы ұпай санын 177-ге жеткізді.

Осыдан кейінгі 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 294 ұпайға қол жеткізді.

Шешуші сын жүгіріп, нысана көздеуде (лазер-ран) 681 ұпай жинады.

Көш басындағы мысырлық Ахмед Елгенди Олимпиада рекордын тіркеді.

Фото: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес