02.06.2023 | 20:09
Бөлісу:
Гимнастар Азия чемпионатында 3 медаль жеңіп алды
Филиппин астанасы Манилада көркем гимнастикадан XIV Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Ниной Акино стадионында жекелей және командалық көпсайыстың жүлдегерлері анықталды.
Жекелей сында Елжана Таниева 4 жаттығудың нәтижесін қосқанда 128,35 балл жинап, күміс жүлдеге ие болды. Бұл сында өзбекстандық Тахмина Икромова (132,20 балл) чемпион атанса, қола қытайлық Ван Цзылуға (121,80) бұйырды. Біздің тағы бір гимнастымыз Айбота Ертайқызы 5-сатыдан көрінді.
Үздік 9 гимнастың қатарына кірген Елжана мен Айбота тамыз айында Валенсия қаласында өтетін көркем гимнастикадан 40-шы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Ал командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы (Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Кәдір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева және Ақсұңқар Әбдірахман) 305,60 ұпаймен тұңыр биігінің 2-сатысына көтерілді. Бұл жерде де Өзбекстан бас жүлдеге қол жеткізсе (327,75 балл), Қытай үшінші орын алды.
Осыдан кейінгі топтасып 5 шығыршықпен өнер көрсетуде Ұлттық құрама арулары қола медальге қол жеткізді. Ел намысын қорғаған спортшылар: Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Кәдір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева мен Ақсұңқар Әбдірахман. Осы сында Қытай құрамасы алтыннан алқа тақса, күміс жүлде Жапония еншісінде.
Ертең құрлық додасының шешуші күні 3 лента+2 доп жаттығуында жекелей және топтық финал өтеді. Биылғы чемпионатқа сары құрлықтағы 18 ел мен Аустралия мен Жаңа Зеландияның 200-ге тарта гимнасты жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛЖАНА ТАНИЕВА ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ҮШІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ