13.06.2023 | 11:48

Глеб Брусенский отандасы Евгений Гидичті басып озып, Азия чемпионы атанды

Бүгін Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр. Санаулы сәттер бұрын ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста Ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді.

Бір апта бойы Районгта сары құрлықтағы 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес