18.02.2024 | 20:15
Бөлісу:
Карина Горичева тағы шеберлігін паш етті
Бүгін Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионатының кезекті жарыс күні ерлер 73 кг, әйелдер 64 кг дейінгі салмақтағы үздіктерді анықтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында бас жүлде үшін талас Әлібек Рахымберді мен былтырғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ерасыл Сәулебековтің арасында өтті. Бүгін Әлібектің мерейі үстем түсті.
Ерлер, 73 кг:
1.Әлібек Рахымберді (Алматы қаласы) – 306 кг (131 кг+175 кг)
2.Ерасыл Сәулебеков (Қызылорда облысы) – 293 кг (128+165)
3.Бексұлтан Айтбай - (Қызылорда облысы) – 279 кг (119+160).
«Жарыс өте тартысты өтті. Қарсыласымның бәрі жеңіске жетуді қалағаны сезілді. Нәтижеме көңілім толады. Биылғы жоспарым – жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жету», - деді Әлібек Рахымберді.
Әйелдер арасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мықтылығын паш етті.
Әйелдер, 64 кг:
1.Карина Горичева (Жетісу облысы) – 198 кг (90+108)
2.Айғаным Жанболат (Алматы облысы) – 190 кг (85+105)
3.Кира Данилова (Ақмола облысы) – 185 кг (84+101).
«Жүлде үшін тартысты жарыс болды. Ізімізді басып, өсіп келе жатқан жастардың деңгейі көзге көрініп тұр. Мен үшін биылғы басты жарыс желтоқсанда өтетін әлем чемпионаты. Келе Олимпиадаға дейін спортта қалам ба деген сұраққа келсек, өзімді әлі тың сезінем. Өзіме сенімдімін, алға қойған мақсатым бар», - деді Карина Горичева.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықАУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ
Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды