20.09.2024 | 10:52

GRAND  SLAM: АБУ-ДАБИДЕ 12 ДЗЮДОШЫМЫЗ СЫНҒА ТҮСЕДІ

11-13 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін дзюдодан Үлкен Дулыға санатындағы турнирге қатысатын Ұлттық құрама спортшылары белгілі болды.

Қазақстан ерлер командасы: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов (60 кг), Әділбек Берікұлы 66 кг), Ермек Амангелді, Дархан Қойбағар (73 кг), Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев (81 кг), Әділет Сапарғалиев (100 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг);

Әйелдер: Эсмигүл Куюлова (63 кг), Назгүл Маратова, Карина Такиева (+ 78 кг);

Айта кетейік, Абу-Дабидегі жарыста 26 елден келген 150-ге жуық дзюдошы күш сынасады. Бұл бәсекенің нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес