07.10.2024 | 23:39

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ӘЧ-НА БАРАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АНЫҚТАЛДЫ

Албания астанасы Тиранада өтетін 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама палуандары белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресінен команда тізімі:

Ербол Камалиев (55 кг)

Досжан Өтепқалиев (60 кг)

Нұрсұлтан Базарбаев (63 кг)

Дінмұхаммед Қошқар (67 кг)

Мерей Мәулітханов (72 кг)

Темірлан Қаратай (77 кг)

Альмир Төлебаев (82 кг)

Бағлан Қуаныш (87 кг)

Ерзат Ерланов (97 кг)

Асылбек Әбдіхалық (130 кг)

Ұлттық құраманың аға бапкері - Жаңабай Оспанов.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 21-27 қазан аралығында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес