18.08.2023 | 15:56
Бөлісу:
Ислам Сатпаев пен Александра Ле әлем чемпионатында 22-орын алды
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сатпаев пен Александра Ле жұбы іріктеуде 22-орыннан көрінді. Екеуінің нәтижесі 627,7 ұпай. Еліміздің намысын қорғаған тағы бір дуэт Константин Малиновский мен Елизавета Безрукова 53-орын алды (622,8 ұпай).
Мұнда қытайлық атлеттер финалда Иран мергендерін айқын басымдықпен жеңіп, кезекті бас жүлдені қоржынға салды. Ал қола медаль үшін Франция-1 мен Израиль таласып, алғашқысының мерейі үстем болды. Бүгін барлығы 77 жұп бақ сынады. Толық нәтиже мына жерде.
Айта кетейік, Әзербайжан астанасындағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Қазір 101 мемлекеттен келген 1200-ден астам мерген бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке кезінде келесі жылы Францияның бас қаласы қабылдайтын Олимпиаданың 48 жолдамасы сарапқа салынады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ