30.05.2022 | 17:05
Бөлісу:
Ислам Усейнов Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды
Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден Әлем Кубогы басталды. Бәсекеге 65 елден келген 708 мерген 7 маусымға дейін шеберлік байқасады. Осы аралықта Қазақстан құрамасы сапынан 40 спортшы сынға түседі.
Кеше 10 метрден пневматикалық мылтықпен нысан көздеу сыны өтті. Қазақстандық Ислам Усейнов іріктеуде екінші орын алып, финалға шықты. Ал ақтық сайыста 260.5 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Хорват Миран Маричич топ жарса (261.8), серб Лазар Ковачевич (260.9) күміс медальге ие болды.
Ал әйелдер арасындағы жарыста польяк Клаудия Брес жеңіске жетсе, француз Камилле Эдржеевски күміс, болгариялық Антоанета Костадинова қола жүлде алды.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ