05.02.2024 | 01:14
Бөлісу:
Тарихи нәтиже! Қазақстан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында алғашқы алтынын алды
Бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанып, әнұранымызды шырқатты. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл). Бұл Қазақстан атлеттерінің су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғаншы алтын медалі. Бірінші жүлдені былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатында техникалық бағдарламада Эдуард Ким (қола медаль) жеңіп алған.
Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.
Эдуард пен Наргиза алдағы күндері Қазақстан қоржынын тағы бір жүлдемен толықтыра алады. Ол үшін еркін бағдарламада осы қарқынынан таймауы керек.
Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтынмен 5-орынға көтерілді. Көш басында Қытай тұр. Қазір Қатарда 17 мемлекет жүлдеге ие болды.
Суреттер: World Aquatics
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Эдуард Ким – Әлем Кубогының жеңімпазы
Виктор Друзин Әлем кубогында тағы жүлде алды
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды