04.10.2023 | 13:02
Бөлісу:
Камила Смағұлова мен Дмитрий Панарин ширек финалға шыға алмады
Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бадминтоннан Қазақстан құрамасы ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аралас жұптық сында Дмитрий Панарин мен Камила Смағұлова 1/8 финалда жарыс қожайындары Фэн Яньчжэ мен Хуан Дунпиннан 6-21, 9-21 есебімен ұтылып қалды.
Қытайлық ойыншылар әлемдегі мықты жұптың бірі саналады. Донгпинг Хуанг – аралас жұптық сайыста Токио Олимпиадасының чемпионы және әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері. Ал Фэн Яньчжэ сәл ертеректе ерлер арасындағы командалық сында алтыннан алқа таққан. Жастар арасындағы әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс медальге қол жеткізген.
Камила мен Дмитрий осы ойындардың 1/32 кезеңінде Моңғолия бадминтоншыларынан басым түскен.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДМИТРИЙ ПАНАРИН АЛҒАШҚЫ МАТЧТА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ