19.03.2023 | 14:10

Канададағы Әлем Кубогы кезеңінде Ұлттық құрама қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

Канаданың Маркем қаласында артистік жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Ұлттық құрама спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова аралас жұптар арасындағы техникалық бағадрламада 3-орын алды. Олар 177,3167 балл жинады.

Осымен Қазақстан құрамасының еншісінде 1 күміс және 2 қола медаль болды. Сәл ертеректе Эдуард Ким жекелей сында қос жүлдеге ие болған. Көш басында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алған Жапония құрамасы тұр. Мұндағы сынға 23 елден 120-ға тарта спортшы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес