06.04.2024 | 16:25
Бөлісу:
Виктор Друзин Қазақстанға 3-жүлдені алып келді
Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржынына 3-жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жекелей сында ерлер арасындағы еркін бағдарламада Виктор Друзин қола жүлдегер атанды. Ол финалда 161.5771 балл жинады. Бұл 17 жастағы қазақстандықтың Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесі. Виктор осыған дейін 2021 жылы Ресейдегі әлемдік серия бәсекесінде микст дуэт бағдарламасында 3-орын иеленген.
Жастар арасында әлем чемпионы Филиппо Пелати (Италия) 174.5979 ұпаймен топ жарса, Жорди Касерес Иглесиас (Испания) 163.5543 ұпаймен күміске қол созды.
Айта кетейік, бұл кезеңде 14 елден келген 85 спортшы сынға түсіп жатыр. Кеше Қазақстан спортшылары 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Эдуард Ким – Әлем Кубогының жеңімпазы
Виктор Друзин Әлем кубогында тағы жүлде алды
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды