02.08.2023 | 11:09
Бөлісу:
Каратэден Kazakhstan Open турниріне 8 елдің спортшылары келеді
25-27 тамыз аралығында Астана қаласында WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді. Бұл турнир елімізде осымен алтыншы рет өткізілейін деп отыр. Татами төрінде 8 елдің (БАӘ, Кувейт, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей мен Қазақстан) 800-ге жуық спортшысы күш сынасады.
Бәсеке кумитэ және ката бағдарламасы бойынша жасөспірімдер (10-13 жас, 14-17 жас), жастар (18-20 жас) және ересектер (18 жастан асқандар) арасында өтеді. Еліміздің намысын Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Қайсар Алысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Гүлмира Үсенова, Данияр Юлдашев, Абылай Төлтай және Әсел Қанай сынды спортшылар қорғайды.
Жарыс күндері 25-27 тамыз аралығы. Астана қаласы, Beeline Арена (Тұран көшесі 4/2). Ашылу салтанаты 25 тамыз сағат 13:00 (Астана уақытымен). Турнирді ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылықты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы мен Қазақстан каратэ федерациясы жүзеге асырады.
Доданың мақсаты:
Салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасында WKF каратэ спортын насихаттау және одан әрі дамыту, Қазақстан каратэшілерінің шеберлік деңгейін арттыру, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, спорт клубтары мен халықаралық федерациялар/спортшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту; Халықаралық турнирді ұйымдастыру Қазақстан және Астана қаласының имиджін халықаралық аренада көтерудегі маңызды фактордың бірі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: