10.11.2023 | 18:39
Бөлісу:
Қазақстанда самбодан әлем чемпионаты өтеді
Бүгін Армения астанасы Ереванда өткен Халықаралық самбо федерациясының конгресінде Қазақстанның келесі әлем чемпионатын қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан бұған дейін дүниежүзі додасын 2005 жылы қабылдап, 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған. Осы тұста 1992 жылдан бері самбодан әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келе жатқан жерлестеріміз бүгінге дейін 26 мәрте жоғары тұғырдан көрінгенін айта кетейік.
Ереванда өтіп жатқан биылғы әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. Бағана 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСАМБОШЫ ТЕМІРЛАН КӨЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
БІРЖАН ИМАХАНОВ: «ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОСПАР – 2 АЛТЫН АЛУ»
АСТАНАДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН САМБОШЫЛАРЫМЫЗ БЕЛГІЛІ