13.09.2024 | 10:07

ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ КҮМІС ПЕН ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден U19 бен U23 Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына күміс және қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

23 жасқа дейінгі санаттағы 2000 метрге төрттікте ерлер командасы мәреге екінші жетті. Күміс жүлде иеленген спортшылар тізімі: Дидар Сағымбаев, Тимур Фомичев, Владислав Галкин, Иван Чернухин.

Дәл осы санатта Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Медаль алған отандастарымыз: Мелани Жакупова, Анжела Полянина, Валентина Волкодавова, Анастасия Кулинич.

Шэньян қаласындағы чемпионатта 19 елден келген 300-ден астам спортшы сынға түсіп жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес