26.09.2024 | 13:05

АЗИЯ КУБОГЫНДА БІЗДІҢ МЕРГЕНДЕР ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия Кубогында Қазақстан қоржынына тағы бірнеше медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Трап бағдарламадасында Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин меғ Никита Чикулаевтан жасақталған командамыз күміс жүлдегер атанды.

Дубль-трап:

1.Кувейт – 353 ұпай

2.Қазақстан – 351

3.Өзбекстан – 270

Жекелей сында Владлен Калимулин қола медаль жеңіп алды.

Трап бағдарламадасындағы барлық сайыстан кейін (жастар мен ересектер санатын қосқанда) Қазақстан құрамасы 3-орында келе жатыр. Еншімізде 1 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде бар. Көш басында Кувейт (4 алтын, 2 күміс). Ал 2-орында Қытай құрамасы (2 алтын).

Ертең скит бағдарламасындағы жарыс басталады. Ал Азия Кубогы 29 желтоқсанда аяқталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес