25.02.2024 | 21:40
Бөлісу:
Азия чемпионатының 5-күні: Ұлттық құрама тағы бір қола медаль жеңіп алды
Бүгін Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
«Мэдисон» жарысында еліміздің ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан мен Рамис Дінмұхаметов) қола жүлдеге ие болды. Бұл Әлішер мен Рамистің Делидегі осы чемпионаттағы алғашқы жүлдесі емес. Бірнеше күн бұрын ұпай жинау жарысында Әлішер күміс, ал топтан тыс қалу бәсекесінде Рамис қолаға қол жеткізген.
Осыдан кейін өткен «кейрин» бағдарламасында Ұлттық құраманың қос спортшысы ТОП-10-дыққа кірді. Сергей Пономарев 9-шы, Андрей Чугай 10-орынға тұрақтады.
Қазір Ұлттық құрамада 1 күміс, 4 қола медаль бар. Биыл 23 мемлекеттен 230 велошабандоз сынға түскен Азия чемпионаты ертең мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАКСИМ ХОРОШАВИН АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
АНДРЕЙ ЧУГАЙ ЖҰБАНЫШ КЕЗЕҢІНДЕ СЫНҒА ТҮСЕДІ
АНДРЕЙ ЧУГАЙ ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ