24.08.2023 | 18:41

Қазақстандықтар трап бағдарламасында бақ сынап жатыр

Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында стенд атудың трап бағдарламасында жекелей сындағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында Мария Дмитриенко 117 ұпаймен жалпы есепте 14-орын алса, Айжан Досмағамбетова 52-ші (110 ұпай), Наргиза Сарманова 65-орынға (107 ұпай) тұрақтады.

Ал ерлер арасында Даниил Почивалов 26-шы (121 ұпай), Әлішер Айсалбаев 78-орынға (117 ұпай) табан тіреді. Ерлер арасында іріктеуге 130-дан астам спортшы қатысты.

Алдағы күндері трап бағдарламасында аралас командалық сындағы мықтылар белгілі болады. Әзербайжан астанасындағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Қазір 101 мемлекеттен келген 1250 мерген әлі бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке кезінде келесі жылы Францияның бас қаласы қабылдайтын Олимпиаданың 48 жолдамасы сарапқа салынады. Әлем чемпионатының финалына шыққан мергендерге ISSF рейтингте ұпай үлестіріледі. Атап айтар болсақ, жеңімпаз 3 мың, күміс жүлдегер 2625, қола жүлдегер 2250 ұпайға ие болады. Осы ұпайлар кейін Олимпиаданың қалған лицензиясы сарапқа салынатын бәсекеге қатысуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес