
21.03.2025 | 22:08
Бөлісу:
КИРСТИ КОВЕНТРИ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ
Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында ұйымның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дауыс беру нәтижесінде жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті атанды. Осылайша, Кирсти Ковентри ХОК-ті басқаратын алғашқы әйел басшы әрі аталған лауазымға сайланған бірінші Африка құрлығының өкілі болды.
Ал Халықаралық Олимпиада комитетін 2013 жылдан бері басқарған семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бах қызметінен кетті. Оның қызметтен кететінін биылғы ақпанда ХОК Атқарушы комитеті қолдаған. Дегенмен, Томас Бах өмір бойына ХОК-тің құрметті президенті болып сайланды.
Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.
Айта кетейік, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің кезекті сессиясында боксты 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына қосу туралы шешім қабылданды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА ҚАЛАЙ ӨТТІ?

МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫ МЕН ПАРАЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ҚАНДАЙ?