03.10.2023 | 10:16
Бөлісу:
Ескек есу шеберлері Азиаданы күміс медальмен аяқтады
Қазақстан әйелдер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каноэмен ескек есуде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Каноэмен 200 метрге ескек есуде Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева жұбы Қытайдан (44.296) кейін мәре сызығын кесті. Қола жүлде Өзбекстан құрамасында.
Осымен XIX жазғы Азия ойындарында каноэ мен байдаркада ескек есу жарысы мәресіне жетті. Ұлттық құрама барлық бағдарламада финалға жетіп, 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте Қытайдан (9 алтын) кейінгі сатыға тұрақтады. Ханчжоуда бұл спорт түрінен 10 мемлекет жүлдеге қол жеткізді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ