21.04.2024 | 19:53

Мария Дмитриенко іріктеуде көш бастады

Стенд атудан Қатар астанасы Доха Олимпиадаға лицензиялық іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күні Мария Дмитриенко трап жаттығуында барлық 50 нысананы дәл көздеді.

Әйелдер:

Мария Дмитриенко (50 ұпай)

Айжан Досмағамбетова (44)

Анастасия Прилепина (42)

Ерлер:

Әлішер Айсалбаев (48 ұпай)

Виктор Хасянов (46)

Богдан Конченко (41)

Финал 23 сәуірде өтеді.

Айта кетейік, мұнда Париж Олимпиадасына 1-2 орын алған спортшы жолдама алады. Бұл сайыс түрі біткен соң, ерлер мен әйелдер скит жаттығуында мықтыны анықтайды.

Ерлер: Эдуард Ещенко, Давид Почивалов, Данил Стрельцов

Әйелдер: Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Диана Сабекова

Финал 28 сәуірге жоспарланған.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес