03.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Мелани Жакупова мен Анжела Полянина академиялық ескек есуден Азия чемпионы атанды
Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы 21-ші Азия чемпионатының финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер арасында (JW2-) қазақстандық Мелани Жакупова мен Анжела Полянина жұбы финалда мəреге 1-келді. Олар 2 шақырымды 8:44.600 секундта еңселді. Күміс Вьетнам, қола Тайбэй спортшыларына бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, Анжела мен Мелани іріктеу кезеңінде өз тобында 4-орын алып, финалға жолдама алған.
Ал ересектер арасындағы жекелей жарыста (W1x) Светлана Германович финалда қола жүлдегер атанды. Уақыт көрсеткіші: 9:13.503 секунд. Қазақстандық іріктеуде мәреге 2-ші келгенімен, жұбаныш жарысында жеңіске жетіп, артық сынға шыққан. Бұл сында ирандық Малаи Назанин чемпион болса, олар кейінгі сатыға қытайлық Вен Ю көтерілді.
Айта кетейік, құрлық бәсекесінің қалған финалдағы жарыстары ертең өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК КӨРСЕТКІШПЕН АЯҚТАДЫ