02.04.2024 | 14:21
Бөлісу:
Мергендер допинг жайлы семинарға қатысты
Қазір нысана көздеуден Ұлттық құрама Шымкент қаласында Бразилияда өтетін шешуші лицензиялық Әлем Кубогының кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу жиыны барысында ҚР Допингке қарсы ұлттық орталығының маманы Матлуба Төреқұлова «Спорттағы допинг және оның спортшы мен қоғам үшін салдары» тақырыбында семинар өткізді. Мұнда биологиялық белсенді қоспалардың қаупі мен тыйым салынған препараттардың тізімі сөз болды.
Сондай-ақ дәл осы күні Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізген Ұлттық құрама өкілдері – Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Арина Алтухова, Александра Ле, Никита Чирюкиннен допингке қарсы ұлттық орталық өкілдері сынама алды.
«Бұл Олимпиада лицензиясын алған спортшыларымыз тапсырып жатқан екінші сынама. Алғашқысын ақпан айында алған. Келесісі ойындарға жақын қалғанда болуы керек. Лекцияға негізгі командамен қатар, жастар құрамасының спортшылары да қатысты. Біз жыл сайын осындай семинар өткізуге тырысамыз. Мәселен, биыл қатарынан үшінші жыл федерацияның атсалысуымен допингке қарсы орталықтан арнайы маман шықырдық»,-деп айтты Ольга Довгун Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Әлем Кубогы 11-20 сәуір аралығында өтеді. Осыдан кейінгі кезеңдерде лицензия жалпы рейтинг шыққанға шейін тікелей берілмейді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ