04.10.2023 | 10:48
Бөлісу:
Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азиаданың финалында күреседі
Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінің палуандары бозкілемге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама сапында жарысты бастаған барлық 4 спортшы кешкі сессияда жүлдеге таласады. Бұл қатарда ақтық сынға тек біреуі жолдама алды.
Ұзақ уақыт жарақатынан емделген Мейіржан Шермаханбет (67 кг) 1/8 айналымда Наттапонг Хинмиді (Таиланд) сосын, жарыс қожайыны Лэй Лиді, жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Сайед Даниал Сохрабиді (Иран) таза жеңді. Енді ол финалда Кацуаки Эндомен (Жапония) күш сынасады.
Мейіржан үшін бұл алғашқы сары құрлық ойындары. Ол 2018 жылы Будапеште өткен дүниежүзі чемпионатында қолаға қол жеткізіп, Азия чемпионатында күміс (2019 жылы) және алтын (2022 жылы) жеңіп алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: