25.09.2023 | 12:45

Никита Чирюкин Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесін мойнына тақты

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында мерген Никита Чирюкин қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен нысана көздеу сайысының финалына шығып, үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, бұл Никитаның сары құрлық Олимпиадасындағы алғашқы медалі.

Алтын мен күміс жүлде Қытай спортшыларының еншісінде

Юхонг Ли – 33 ұпай (ҚХР)

Янгпан Лю – 31 ұпай (ҚХР)

Никита Чирюкин – 26 ұпай (Қазақстан)

Қазір Қазақстанның қоржынында 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес