07.08.2024 | 15:03

НҰРСҰЛТАН ТҰРСЫНОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Енді ширек финалда тәжірибелі отандасымыз Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі.

Мысырлық палуан – Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы. Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.

Фото: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес