16.02.2024 | 16:34
Бөлісу:
Нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бір аптаға созылған бәсекеде 7 өңірден келген 100-ден астам мерген өзара 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Шешуші жарыс күні 10 метрден тапаншамен оқ атудан аралас жұптық сын (микст) өтті. Іріктеу нәтижесінде финалға Шымкент-1 және Алматы-2 командасы шыққан. Бұл дуэльде Ұлттық құрама спортшылары - Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин басым түсіп, Шымкент командасына кезекті алтын медаль алып берді. Қола медаль Дилара Вахитова мен Эльдар Иманқұловтың (Алматы-1) еншісінде.
Жалпы есепте Шымкент қаласының командасы жеңімпаз атанса (7 алтын, 7 күміс, 2 қола), Алматы қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Астана қаласының спортшылары түйіндеді.
«Биылғы чемпионатқа ірі қалалары мен облыстардың таңдаулы мергендері келді. Бұл жылдың алғашқы республикалық жарысы. Соған қарамастан бәсекелестік өте жоғары болды. Соңғы жарысты есепке алмағанның өзінде Шымкент қаласы 1-орын алып тұр. Одан кейінгі сатыға Алматы мен Астана командасы жайғасты. Чемпионат Ұлттық құрама спортшыларының дайындығын пысықтауға бағытталған. Сонысымен маңызы зор»,-деді Қазақстан чемпионатының бас төрешісі Ролан Юнусметов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысты. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де бар.
Суреттердің авторы - Шамкен Байырбек.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ