26.03.2024 | 13:05
Бөлісу:
Ольга Довгун: «тағы 2 лицензия алуды жоспарлап отырмыз»
11-20 сәуір аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден шешуші лицензиялық Әлем Кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бәсеке қарсаңында мергендер Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы, Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун Әлем Кубогына дайындық пен жоспар жайлы айтып өтті.
«Жарысқа барлығы 10 спортшы барады. Қазір Шымкентте дайындықты пысықтап жатырмыз. Мұндағы мақсат - Ұлттық құрама спортшыларының шеберлігін шыңдау. Олимпиада ойындарына тағы 2 лицензия алуды жоспарлап отырмыз. Оны келе жатқан Әлем Кубогында жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл оңай болмайтыны анық. Жолдама ала алмаған мықты мергендердің бәрі Бразилияда бақ сынайды. Соған қарамастан біз бәсекеге дайын болуымыз қажет»,-деді бас бапкер Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазір нысана көздеуден Қазақстан құрамасында 5 жолдама бар. Оны Ислам Сатпаев, Александра Ле, Арина Алтухова, Константин Малиновский мен Никита Чирюкин жеңіп алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ