19.10.2022 | invalid

Олжас Сұлтан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Испанияның Понтеведра қаласында күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен грек-рим күресінің шеберлері Олжас Сұлтан қола медаль үшін болған белдесуде қырғыз Нұрмұхамет Абдуллаевты таза ұтты. Есеп 8:0.

Қазақстандық балуан кеше іріктеудегі алғашқы кездесуінде әзірбайжандық Нихат Маммадлиден жеңілген. Қарсыласы финалға шыққандықтан Олжас жұбаныш жекпе-жекке мүмкіндік алды. Онда үндістандық Сумиттен, сосын украин балуанынан басым түсті (8:0).

Бұл салмақта әзірбайжандық спортшыны жеңген түрік Керем Камал чемпион атанса, екінші қола Израиль балуанына бұйырды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес