10.09.2023 | 17:52
Бөлісу:
Оралда самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Бүгін Орал қаласында самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл сында 14 елден 300 ден аса ардагер самбошы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кезінде халықаралық деңгейде белдесіп, өз елдернің намысын қорғаған шеберлер қазірге спортты серік етіп жастарға үлгі болып жүр. Алғашқы жарыс күні үш жас мөлшері бойынша 9 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.
Қазақстандықтар бес салмақта үздік шықты. Солардың ішінде 62 жастағы Қазболат Құрмашев 7 -дүркін шеберлер арасында әлем чемпионы атанса, 65 жастағы Әбдісадық Халилаев 5 мәрте әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар өз жас мөлшерлері бойынша жерлестерімізден Боранбай Тергеубеков, Самалбек Айнатаев және Сейітхан Дәуітовтар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Шеберлер арасында самбодан әлем чемпионаты 10 қыркүйекте аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСАМБОШЫ ТЕМІРЛАН КӨЛБАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
БІРЖАН ИМАХАНОВ: «ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОСПАР – 2 АЛТЫН АЛУ»
АСТАНАДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН САМБОШЫЛАРЫМЫЗ БЕЛГІЛІ