18.04.2024 | 18:27
Бөлісу:
Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісінің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда 2 жеңімпаз белгілі болды:
—«Спорттық форма» номинациясы – «Health&Sport» ЖК;
—«Салтанатты спорттық форма» – ЖШС «Эксклюзив студио»;
—«Ту ұстаушылардың спорттық формасы» – ЖШС «Эксклюзив студио».
Бірінші кезеңде 15 қатысушы өз материалдарын 15 сәуірге дейін жіберген болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.
Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері болды. Бұл құрамда Елдос Сметов, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов сынды спортшылар да бар.
Ұсынылған материалдарда қоғам тарапынан айтылған сындар да ескерілді. Спорттық киімдердің сапасы талапқа сай жоғары.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: