15.07.2024 | 13:24

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАТЫН ЕҢ ЖАС, ЕҢ ТӘЖІРИБЕЛІ СПОРТШЫ КІМ?

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі сіздің назарыңызға Олимпиадаға баратын Ұлттық құрама спортшылары жайлы 10 дерек ұсынады.

Жалпы Қазақстан қоржынында 25 спорт түрінен 80 спортшыда 92 лицензия бар. Ең көп лицензияны боксшылар жеңіп алған (10 лицензия).

Париж Олимпиадасына баратын 54 атлет жазғы ойындарға алғаш рет қатысқалы отыр.

Брейкинг пен бадминтоннан Қазақстан бірінші рет Олимпиада жолдамасын иеленді. Брейкингтен Әмір Закиров, бадминтоннан Дмитрий Панарин ел намысын қорғайды.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет командалық жарыста бақ сынайды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші рет жазғы ойындарға үш спортшы апарады.

Қазақстан алғаш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттағы, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.

Ең жас спортшы – 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо).

Ең егде жастағы спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу).

Қазақстан құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. Олар – жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев.

Елдос Сметов (дзюдо), Кирилл Герасименко (үстел теннисі) және Елена Потапенко (қазіргі бессайыс) Олимпиада ойындарына үшінші рет қатысқалы отыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес