27.07.2024 | 13:48

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІ ҚОРЖЫНДА

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті. Есеп:

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 150 мың доллар қарастырылған. 

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес