20.07.2024 | 09:47
Бөлісу:
ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін медаль неден жасалғаны жайлы айтады.
Медальдар бұрын жөндеу жұмысы кезінде Эйфель мұнарасынан алынған түпнұсқа сынықтарының балқымасынан жасалған. Алтыбұрыш пішінінде жасалған бөліктің ортасында жазғы олимпия ойындарының логотипі тұр. Алтыбұрыш – Францияның картасы. Медальдың артында гректер үшін жеңіс құдайы саналатын Ника, Афинадағы Акрополь және Эйфель мұнарасы бейнеленген.
Франция астанасында ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елдің таңдаулы 10 500 спортшысы қатысады деп жоспарланған. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: