04.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Паттайядан жеткен жағымды жаңалық
Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы 21-ші Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының спортшылары бүгін тағы 2 медаль жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасында (JM2-) Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников жұбы мәреге 1-келіп, алтыннан алқа тақты. Ал жасөспірімдер арасында (JM4-) санатында Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногва, Анжела Полянина, Мелани Жакупова квартетін финалда үздік үштікті түйіндеді.
Ересектер арасында (LW1x) Мария Чернецке сәттілік жетіспей, 5-орынды місе тұтты. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында (JM1x) Артем Матусевич жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүріпі, 4-сатыдан көрінді.
Айта кетейік, кеше Ұлттық құрама спортшылары 2 медальге ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК КӨРСЕТКІШПЕН АЯҚТАДЫ