23.08.2023 | 17:19

Пневматикалық винтовкамен нысана көздеушілер үшін әлем чемпионаты аяқталды

Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында жекелей сындағы Қазақстан құрамасы спортшыларының нәтижесі мынадай: Елизавета Безрукова 29-шы (617.9 ұпай), Арина Алтухова 35-ші (615.8 балл), Анастасия Григорьева 57-орын (599.4 балл);

Жалпы есепте Аня Сенти (Швейцария) чемпион атанса, Марианна Пало (Финляндия) күміс, Джолин Беер (Германия) қола медаль алды. Мұнда барлығы іріктеуде 62 спортшы қатысты. Үш спортшының көрсеткішін қосқанда Қазақстан әйелдер құрамасы 13-сатыдан көрінді.

Ал аралас командалық сайыста (микст) Елизавета Безрукова мен Юрий Юрков жұбы 24-орыннан көрінді. Олар, яғни, Қазақстан-2 құрамасы 1228.8 ұпай жинады. Былтырғы әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған Арина Алтухова мен Константин Малиновский бұл жолы 26-сатыға табан тіреді. Сайыстың бұл түрінде алтын мен күміс Швейцария қоржынында кетсе, үздік үштікті Қытай-1 құрамасы түйіндеді.

Ұлттық құрама спортшылары арасынан пневматикалық винтовкамен оқ атудан ең үздік нәтижені Ислам Сатпаев көрсетті. Ол финалда 4-орын алып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтағанымен, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

«Жалпы нәтиже өзіміз жоспарлағандай болмады. Бұдан жоғары көрсеткішпен елге қайтқымыз келген. Соған қарамастан Олимпиада жолдамасын аламыз деген жоспарды орындадық. Спортшыларымыз бірнеше финалда бақ сынады. Тапаншамен де, винтовкамен де нысана көздеуден жүлдеге қол созым жерде тоқтап жатты. Мұнда сынға түсу оңай емес. Қатты жел тұрады. Әлемдік көшбасшылардың өзі мүлт кетіп, орта жолда қалып кеткен кездер болды. Чемпионатқа дейін осыған ұқсас жер Габалада оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Соған қарамастан Бакудегі кешеннің өзіне тән ерекшелігі көп»,-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес