06.10.2023 | 15:37

Қайсар Алпысбай Азиада чемпионы атанды

Қайсар Алпысбай Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтыннан алқа тағып, делегация қоржынына 9-алтынды тарту етті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

WKF каратэнің кумите бағдарламасында (60 кг) Қайсар 2 дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабаннан басым түсті. Аса тарытсты өткен жекпе-жектің есебі: 7-5.

Бағана Ұлттық құрама каратэшісі іріктеуде Малайзия, сосын биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Таиланд өкілі Сивакон Муектхонг (8-0),  пен Индонезия спортшысын жеңгенін айта кетейік.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес