06.10.2023 | 08:41

Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалында

Қайсар Алпысбай кумите бағдарламасында Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

WKF каратэден 60 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама каратэшісі іріктеуде Малайзия, сосын биылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Таиланд өкілі Сивакон Муектхонгты (8-0),  пен Индонезия спортшысын жеңді.

Алтын медаль үшін биылғы Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен күш сынасады. Қарсыластың 2 дүркін Азия чемпионы деген атағы бар. Жекпе-жектер астана уақытымен сағат 12:30-да басталып, 16:00-ге дейін созылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес