23.05.2024 | 22:36

Қазақстан финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды

Бүгін Талдықорған қаласында индорхоккейден ерлер арасындағы Азия Кубогының плей-офф кезеңдегі ойындары өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы аса тартысты өткен ойында Иранға есе жіберді. Есеп: 3-5.

Енді ертең біздің команда ширек финалдағы екінші матчында Таиландпен паркетте шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы осыған дейін Оманды (4-0), Индонезияны (6-2) жеңіп, Малайзиямен тең түсіп (3-3) ширек финалға шыққан.

Биылғы Азия Кубогының финалына шыққан құрамалар келесі жылы өтетін әлем чемпионатына барады.

Қазақстан командасының құрамы: Еркебұлан Дүйсенбеков (капитан), Ерасыл Асхатов (қақпашы), Ленур Вишняков (қақпашы), Ағымтай Дүйсенғазы, Мақсат Жөкенбаев, Жеңіс Бейбітов, Ермек Ташкеев, Ералы Данияр, Алтынбек Айтқалиев, Аман Елубаев, Азат Қуатов, Тілек Өзбек.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес