22.05.2024 | 19:37

Қазақстан құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында

Талдықорған қаласында өтіп жатқан индорхоккейден ерлер арасындағы Азия Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы Оманды (4-0), Индонезияны (6-2) жеңіп, Малайзиямен тең түсіп (3-3) ширек финалға шықты.

Енді Қазақстан мен Иран хоккейшілері 23 мамырда келесі кезеңге өтуге барын салады. Сол секілді жалғыз жолдама үшін Сингапур мен Оман, Индонезия мен Тәжікстан, Таиланд пен Малайзия сынға түседі.

Биылғы Азия Кубогының финалына шыққан құрамалар келесі жылы өтетін әлем чемпионатына барады.

Қазақстан командасының құрамы: Ағымтай Дүйсенғазы, Мақсат Жөкенбаев, Жеңіс Бейбітов, Ермек Ташкеев, Ералы Данияр, Алтынбек Айтқалиев, Аман Елубаев, Ерасыл Асхатов (қақпашы), Азат Қуатов, Еркебұлан Дүйсенбеков, Тілек Өзбек, Ленур Вишняков (қақпашы);

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес