27.11.2023 | 11:04

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 115 медаль жеңіп алды

Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде 33 елдің 700-ге жуық спортшысы өнер көрсеткен киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың соңғы күнінде ересектер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Әйелдер 5, ерлер 8 салмақта күш сынасып, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 11 қола жүлде иеленді.

Әйелдер:

Алтын – Нарқыз Ұзақбаева (50 кг), Ұлжан Рақышева (+65 кг)

Күміс – Мадина Сауытова (50 кг), Амина Досымбек (55 кг), Карина Досымова (65 кг)

Қола – Гүлдана Оспанова (55 кг), Назира Ахметова (60 кг), Әсел Әзімханова (65 кг)

Ерлер:

Алтын – Хатип Аюпов (65 кг), Нұрлыхан Садвокасов (80 кг), Рысбек Мақсұтов (85 кг), Никита Гарас (+85 кг)

Күміс – Мадиярбек Ұзақбай (55 кг)

Қола медаль – Әділхан Ақылжан (55 кг), Дархан Арыстанбеков (55 кг), Едіге Кемежанов (60 кг), Әлішер Карменов (65 кг), Айбек Аманов (70 кг), Бекзат Орынбасаров (70 кг), Бекарыс Сұрағанбек (75 кг), Алмаз Құрмет (80 кг)

Жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер арасындағы «ката» және «кумитэ» бәсекелерін қоса есептегенде Қазақстан құрамасы 29 алтын, 25 күміс, 61 қола медальмен жалпы есепте топ жарды. Ресей екінші орында (24 алтын, 26 күміс, 47 қола). Жапония үздік үштікті түйіндеді (10 алтын, 7 күміс, 2 қола). Келесі әлем чемпионаты 2025 жылы Жапонияда өтетін болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес