03.03.2024 | 20:24

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы 1 алтын медаль жеңіп алды

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.

Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

Қазақстан - 204.6708 ұпай

Өзбекстан - 183.5552

Таиланд - 124.9374

Суреттердің авторы – Тұрлыжан Айтенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес