20.09.2024 | 11:20

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ СТЕНД АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ

20-30 қыркүйек аралығында Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа құрлықтағы 15 елден таңдаулы 200-ден астам спортшы келді. Бұл қатарда Қазақстанмен қатар Бахрейн, Үндістан, Иордания, Иран, Қатар, Қытай, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Жапония бар.

Сонымен қатар 21-24 қыркүйек аралығында компакт-спортингтен ашық Азия Кубогы өтеді. Онда әлемнің 10 елінен 100-ден астам спортшы жүлдеге таласады: Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Мажарстан, Вьетнам, Латвия, Литва, Ресей.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 21 қыркүйек, сағат 17:30-да А.Асанов атындағы ату кешенінде өтеді. Баспасөз мәслихаты 23 қыркүйек, сағат 13:00-де.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес