07.07.2022 | invalid

Қазақстандықтар су астындағы бағдарлаудан Еуропа Кубогында 2-орын алды

Мажарстанның Гекенеш қаласында су астындағы бағдарлаудан ашық Еуропа Кубогының 4-кезеңі өтті. Бұл кезең 5 мемлекет – Мажарстан, Қазақстан, Чехия, Хорватия мен Италияның 14 клубындағы 56 спортшының (20 әйел, 36 еркек) басын қосты. Отандастарымыздың нәтижесі мынандай:

Иван Папин 3-орын

Людмила Шумилова 3-орын

Валерий Волгин 4-орын

Шахноза Курбанова 16-орын

Ал командалық сында Қазақстан құрамасы 2-орынға ие болды. Жалпы есепте Мажарстанның «Амфора» клубы топ жарса, Қазақстанның «ЦСКА» командасы 2-ші орын алды. Италия жүзгіштері үздік үштікті түйіндеді. 

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес