21.08.2023 | 10:05
Бөлісу:
Су астында бағдарлаушылар Еуропа чемпионатында 2 жүлдеге қол жеткізді
13-20 тамыз аралығында Чехия Республикасының Яблонец-над-Нисоу қаласында су астындағы бағдарлаудан XXXI ашық Еуропа чемпионаты өтті,
Ұлттық құрама спортшылары байрақты бәсекеде 2 күміс медаль жеңіп алды. Алғашқы жарыс күні Людмила Шумилова мен Шохноза Курбанова жұбы «MONK» жаттығуында 2-ші нәтиже көрсеткен. Мұнда барлық спортшы белгіленген карта бойынша су астында жүзіп өтуі керек. Сосын, «Паралель» жаттығуында Людмила Шумилова күміс медальге ие болды.
Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан құрамасының аға бапкері Валерий Васильевтің жетекшілігімен 2 спортшы барды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: