13.06.2024 | 18:01
Бөлісу:
ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қазыбек Нөгербек бүгін Үндістанның Гандинагар қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.
Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.
Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ