18.08.2024 | 16:38
Бөлісу:
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СПОРТ КҮНІН ЖАРЫС АЛАҢЫНДА АТАП ӨТТІ
Бүгін Астана қаласындағы триатлон саябағында еліміздің «Спорт күні» мерекесіне орай бұқаралық іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Туризм және спорт министрлігіне бағынысты мекеменің қызметкерлері 3×3 баскетбол, арқан тартыс, шағын футбол, кермеге және қос сырыққа тартылудан сынға түсіп, бұқаралық спортты кеңінен насихаттаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Іс-шараның ашылуы кезінде ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов сөз сөйлеп, осындай жалпыға ортақ жарыстардың қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Барлық спорт түрін қоса есептегенде жалпы есепте Астана қаласының Олимпиадаға даярлау орталығының ұжымы топ жарды. Одан кейінгі сатыға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі мен Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының қызметкерлері жайғасты.
Барлық жүлдегерге арнайы медаль мен Грамота табысталды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: