03.10.2023 | 08:22

Рината Сұлтанова Азия ойындарының қола жүлдегер атанды

Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Уақытқа жарыстың жекелей сынында Рината Сұлтанова үздік үштікті түйіндеді. Оның нәтижесі 25:36.10 секунд.

Ольга Забелинская (Өзбекстан) бүгін жылдамдық танытып, Джакартадағы чемпион атағын қорғап қалды. Күміс Эри Ёнаминэнің (Жапония) қоржынына түсті.

Жалпы жарыс жолына шыққан 14 спортшы 20 шақырымды жүріп өтті.

Айта кетейік, Рината былтыр Тәжікстанда Азия чемпионатында топ жарған әйелдер арасындағы тұңғыш қазақстандық велоспортшы атанған. Сондай-ақ ол Түркияның Конья қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы ойындарында 3 алтын, 1 қола жүлдеге ие болған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес