15.04.2024 | 16:12
Бөлісу:
Ришат Хайбуллин Әлем Кубогында үздік ондыққа кірді
Қытайдың Уцзян қаласында құзға өрмелеуден Әлем Кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама сапынан ең жоғарғы нәтижені Ришат Хайбуллин көрсетті. Ол «жылдамдық» санатында іріктеуден іркілмей өтіп, 8-орын алды. Мұнда Әмір Маймуратов 38-ші, Бекнұр Алтынбеков 56-шы сатыға тұрақтады. Әйелдер арасында Тамара Олжабаева 29-шы орын алды.
Барлығы жарысқа «қиындық» және «жылдамдық» санатында 31 мемлекеттен келген таңдаулы 235 спортшы қатысты. Айта кетейік, Ришат қазір «жылдамдық» санатында әлем рейтингінде 2497.0 ұпаймен 11-орында келе жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: